четверг, 16 мая 2024 г.
icon
441.41
icon
477.78
icon
4.84
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
14oC
×

“Халық өмірін қатерге тігіп отыр“. Алматы облысының тұрғындары наразылық білдірді

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы жаңадан төселген жол тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Ені 4 метрлік тар асфальтта көліктердің

“Халық өмірін қатерге тігіп отыр“. Алматы облысының тұрғындары наразылық білдірді

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы жаңадан төселген жол тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Ені 4 метрлік тар асфальтта көліктердің қатар жүруі қиындық тудырып, апатты жағдайлар жиілеген. Сонымен қатар, ауылда ашық жатқан люктердің көбеюі, жарықтың жиі сөнуі мен ауыз судың үнемі ақпай қалуы секілді мәселелері де тұрғындарды ашындырып отыр. Тұрғындар бұл мәселелерді бірнеше рет әкімдікке жеткізгенімен, шешімін таппай келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы дәл осы көшенің ені осыған дейін 6 метрден кем болмағанымен, осы жолы асфальттың ені күрт кішірейген. Бұл жолға бір көлік еркін сыйғанымен, екі көлік қатар келгенде біреуіне жол беруіне тура келеді. Тұрғындар бұрынғы жолдың ой-шұңқыры көп болғанмен, кең болғанын айтады.

"Тар жолдың кесірінен соңғы екі аптада бес жол апаты болды"

© Суретте: Жол салып жүрген жұмысшылар / Қуаныш Ермекова

"Бұрынғы жол кең еді. Ені 6 метрден кем емес еді. Екі жүк көлігі оңай өтетін. Ал мына жолға екі көлік сыймайды. Жолда ешқандай жол белгілері жоқ. Мектеп дәл қасымызда орналасқан, бірақ қазір онда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақында мектеп ашылған кезде мұнда жол белгілері де жоқ қауіп арта ма деп қорқамын. Балаларсыз-ақ соңғы екі аптада бес жол-көлік оқиғасы болды. Соңғы жол апаты екі күн бұрын орын алды. Сол оқиғадан кейін мына баған қисайып қалды. "Нива" мен "Газель" соқтығысты, олардың бөлшектері әлі жатыр. Осындай жолмен халық өмірін қатерге тігіп отыр" – дейді ауыл тұрғыны Бектұрсын Мұқарамов.

© Суретте: Жол көлік оқиғасынан қалған сынықтар / Нұрбол Ынтымақұлы

Ауыл тұрғындарының бірі Алексеймен бірге жолдың енін өлшеп көрдік. Шынында да жолдың ені 4 метр 10 сантиметр екен. Дегенмен, жолдың екі жағында да 1,5 метрден бос орын бар, сәйкесінше жолдың жалпы ені 6-7 метрге жуықтайды.

© Суретте: Абай ауылының тұрғыны Алексей Юрьевич / Нұрбол Ынтымақұлы

© Суретте: Жол өлшемі / Нұрбол Ынтымақұлы

"Бұрын мұнда Кеңес Одағынан бері келе жатқан асфальт бар еді. Жұмысшылар оны қопарып, мына жолды төседі. Оның қалыңдығы шамамен 4-5 сантиметр. Дегенмен, ені өте тар. Қазір жолдың шетіне қиыршық тас төсеп тастаған, бірақ ол тастар бірнеше жаңбырдан кейін шайылып кетеді. Бастапқыда жұмысшылар қиыршық тасты төгіп кетіп, "өздерің төсеп алыңдар" деп айтқан," – дейді Алексей Юрьевич.

© Суретте: Жол жиегіне төселген қиыршық тас / Нұрбол Ынтымақұлы

Бұл ауылдағы жалғыз мәселе емес. Жаңа төселген асфальттың жанында ашық жатқан екі люкті байқадық. Тұрғындар әкімдік оны "бәрібір ұрлап кетеді" деп жапқысы келмейтінін айтты.

"Люктің ашық жатқанына 6-7 ай"

© Суретте: Абай ауылының тұрғыны Эльмира, ашық жатқан люк / Нұрбол Ынтымақұлы

"Люктің ашық жатқанына 6-7 ай шамасы болды. Біреудің көлігі сол люкқа түсіп, бампері сынып қалды, ал біреуі дөңгелегін жарды. Әкімдік оны жабуға асығар емес. Көршілер жиналып, шағымданған, бірақ әкім "қойсам, қайта ұрлап кетеді" деген жауап берген. Мұндай жауап бола ма?" – дейді ауыл тұрғыны Эльмира.

Ауыл тұрғындарын көшедегі жарықтандыру да алаңдатып отыр. Көшеде жарық жоқтығы аздай, үйдегі электр қуаты да жиі өшеді екен.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.